Тұрғындарға 14 желтоқсан 00.00-ден бастап Қостанай облысы елді мекендерінің аумағында маска тағып және әлеуметтік қашықтық сақтай отырып, үш адамнан аспайтын топпен немесе бір отбасы мүшелерімен шектеусіз жүруге рұқсат етілді.
Қоғамдық көліктің қауырт уақытта желіге барынша шығуымен, отыратын орындардың саны бойынша толтырылуымен, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен міндетті түрде өңделуімен, жұмыс күндері 06.00-ден 23.00-ге дейін қорғаныш маскаларынсыз қоғамдық көлікке жолаушыларды жіберумен, демалыс және мереке күндері тоқтата тұрумен қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беру, «ССКБК» АҚ жұмыскерлерін тасымалдайтын Рудный қ. № 1, 2, 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200 маршруттар бойынша автобустарды қоспағанда, демалыс күндері жүру уақыты 5.00-ден 10.00-ге дейін және 17.00-ден 01.00-ге дейінгі аралықта белгіленсін.
23.00-ден 06.00-ге дейін таксидің жүріп-тұруына тыйым салу. Такси жүргізушілері мен жолаушыларына міндетті түрде маска тағу;
Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, демалыс және мереке күндері жұмысты тоқтата отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 30%-тен аспайтын, кемінде 4 шаршы метр толтырумен, азық-түлік емес тауарларды сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін өткізу бөлігінде сауда және ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат беру.
Күшейтілген санитария-дезинфекция режимін сақтай отырып, жұмыс режимін 10.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, сауда кешендерінің, сауда үйлерінің, сауда желілерінің, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне рұқсат беру; бұл ретте азық-түлік дүкендері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, ауданы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес сауда объектілерінің жұмысы демалыс және мереке күндері тоқтатыла тұрсын», — делінген қаулыда.
Қаулының толық нұсқасы Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарияланды.