Енді олардың мәртебесін өзгерту шаралары жеңілдеді. Бұл орайда жергілікті атқарушы органдар ұсыныс бере алады. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Сенат «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заң жобасын қабылдады. Бұл заң жобасы депутаттардың бастамасымен жасалған. Мақсаты — осы саладағы заңнамаларды жетілдіріп, тиімділігін арттыру.
Сенаторлардың айтуынша, қала, аудан мен ауылдардың мәртебесін өзгерту, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді. Әйтпесе, тұрғыны көп ауылдар мемлекеттік қолдаудың игілігін көре алмауы мүмкін немесе өзге де әкімшілік кедергілер болады.
Айта кетейік, қала мәртебесінен айырылған елді мекендердің тұрғындарының жалақысына үстемақы қосылады.