Жыл соңына дейін шағын ауылдардың бәріне интернет жеткізіледі

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, министр Президентке мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, телекоммуникация инфрақұрылымын, инновация экожүйесін және адам капиталын дамыту, экономика салаларын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, 250-ден асатын тұрғыны бар елді мекендердің бәріне осы жылдың соңына дейін жоғары жылдамдықты ұялы байланыс интернеті жеткізілетінін айтты.

Кездесуде министр қалаларды цифрландыру мен ақпарат қауіпсіздігі саласындағы жұмыс туралы да мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Жұмағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.