Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұған ешқандай негіз жоқ.
Бірақ айтудың жөні бар ғой енді. Түркістанда тұратын, сол жақтың жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Тарихы өте үлкен, әрине. Қожа Ахмет Ясауи осы жерге келіп, мұсылмандықты уағыздады. Бұл түрік дүниесінің, түрік тектес адамдардың мұсылман дініне ұласты. Сондықтан олардың сыйлайды, жақсы көреді. Әсіресе, Түркиядан барлығы келгісі келеді, көргісі келеді. Солай болғаннан кейін ел астанасы болса деген ойлар бар шығар, бірақ біз астанамызды ары қарай ұлғайтамыз. 200 мыңдай адамы бар бұрынғы Ақмола 1 миллион 200 мың адамы бар шаhар болды. Нұр-Сұлтан деген ат берілді. Өзім мұны ұсынғаным жоқ, бірақ қарсы да болғаным жоқ. Себебі астананың әрбір тасы менің нұсқауыммен, әрбір ғимарат менің қатысуыммен салынды. Сондықтан біз өзіміздің Нұр-Сұлтан қаласын дамытамыз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске салайық, 2018 жылы 19 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы ретінде қайта құру және оның орталығын Шымкенттен Түркістанға көшіру туралы жарлыққа қол қойды.