Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасы чемпионаты өтеді. Бұл туралы Olympic.kz Қазақстан конькишілер федерациясына сілтеме жасап хабарлады.

Мәнерлеп сырғанаудан ел біріншілгі Алматыда 14-19 желтоқсан күндеріне белгіленген, Алматыдағы «Алматы арена» мұз сарайында өтеді.

Қазақстан чемпионатына 14 жастан жоғары ересектер мен жас мөлшері 10-18 жас аралығындағы жасөспірім, жастар қатысады.

Жарыс бағдарламасы: 

14-15 желтоқсан — жаттығу;
16 желтоқсан — жаттығу, жеребе;
17 желтоқсан — жаттығу, жарыс;
18 желтоқсан — жаттығу, жарыс, марапаттау;