Бір тәулікте 826 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Жаңа дерек Шығыс Қазақстан облысында көп тіркелді. Мұнда кейінгі тәулікте 135 адам коронавирус жұқтырған.

Ал Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған адам тіркелмеді.

Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында — 16 191 (+135),

Алматыда — 16 033 (+73),

Нұр-Сұлтанда -15 989 (+83),

Атырау облысында — 11 616 (+18),

Қарағанды облысында — 11 077 (+25),

Батыс Қазақстан облысында — 7 994 (+39),

Солтүстік Қазақстан облысында — 6 291 (+105),

Павлодар облысында — 6 254 (+120),

Алматы облысында — 5 682 (+33),

Шымкентте -5 361 (+6),

Қостанай облысында — 5 212 (+85),

Ақмола облысында — 5 072 (+86),

Жамбыл облысында — 4 411 (+14),

Ақтөбе облысында -3 481 (+1),

Түркістан облысында — 3 477 (+2),

Маңғыстау облысында — 3 434 (+0),

Қызылорда облысында -3 290 (+1).

Қазақстанда бір тәулікте 143 адам коронавирустан жазылып шықты. Барлық жазылған адам саны — 116 187.

Коронавирус белгісі бар пневмония

Бір тәулікте коронавирус белгісі бар пневмониямен 164 адам тіркелген. Үш науқас қайтыс болды, 72 адам сауығып шықты.