Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 127 мыңға жуықтады

Ең көп науқас Шығыс Қазақстан облысында анықталды. Мұнда кейінгі тәулікте 154 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Павлодар облысында 108, Солтүстік Қазақстан облысында 105 науқас тіркелді.

Ал Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында COVID-19 жұқтырғандар жоқ.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 126 860-ға жетті. Оның ішінде:

Алматыда — 15 682(+46);
Нұр-Сұлтанда — 15 635(+25);
Шығыс Қазақстан облысында — 15 417 (+154);
Атырау облысында — 11 549(+11);
Қарағанды облысында — 10 972(+15);
Батыс Қазақстан облысында — 7 805(+33);
Солтүстік Қазақстан облысында — 5 724(+105);
Павлодар облысында — 5 688(+108);
Алматы облысында — 5 553(+20);
Шымкентте — 5 331(+1);
Қостанай облысында — 4 846(+70);
Ақмола облысында — 4 692(+68);
Жамбыл облысында — 4 338(+14);
Түркістан облысында — 3 461(+0);
Ақтөбе облысында — 3 456(+8);
Маңғыстау облысында — 3 426(+0);
Қызылорда облысында — 3 285(+0).

Аурудан айыққандар

Қазақстанда тағы 840 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Алматыда — 97;
Ақмола облысында — 75;
Атырау облысында — 3;
Шығыс Қазақстан облысында — 111;
Жамбыл облысында — 31;
Батыс Қазақстан облысында — 64;
Қарағанды облысында — 15;
Қостанай облысында — 116;
Қызылорда облысында — 15;
Павлодар облысында — 55;
Солтүстік Қазақстан облысында — 258.

Елімізде барлығы 113 646 адам COVID-19-дан айықты.

Ауырып жатқандар

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 218 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 650 бала бар. 3 289 науқас стационарда, 7 929 адам амбулатория жағдайында ем алып жатыр.

Жалпы науқастардың арасында 211 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр. 24 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратына қосылған.

COVID-19 белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 20 дерек тіркелді, 1 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 30 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 41 223 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 428 науқас қайтыс болды, барлығы 30 116 адам жазылып шықты.