Мазмұнға өту
Басты бет / Қоғам /

Қызылорда облысында жыл басынан бері құқықбұзушылық саны 36% төмендеген

Иллюстрация: Dribbble.com/©Vladimir Podvorniy

Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны бойынша Қызылорда облысы республика бойынша 17-ші орында.

Облыста қылмыстың алдын алу бойынша арнайы өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлініп, 13 бірлік жылдамдық режимін анықтайтын стационар  құрылғы, 22 қызметтік автомобиль, оның ішінде 20 ауылдық учаске инспекторларына, 150 термопринтермен қамтылған планшет, 47 қамтылған портатив бейнетіркегіш және басқа құрылғылар сатып алынды, – дейді аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова.