Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы бірқатар индустриал өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономика аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған. Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» металлургия комбинатына барады, — делінген жазбада.