Басты бетҚоғамҚызылордада аналардың...

Қызылордада аналардың Men baqytty anamyn атты кездесуі өтті

«Бақытты отбасы» институтын қолдау орталығының жанынан құрылған «Сыр Аналар» Альянсы кеңесіне 32 ерікті ана — мүше. Ерікті аналар қала аумағындағы 18 ықшам ауданға бөлініп, аймақтары бойынша тұрмыс жағдайы төмен, көпбалалы, аз қамтылған және отбасында мүгедектігі бар азаматтарды анықтап, оларға көмек қолын созумен айналысады. Белсенді аналар қоғамдағы қолдауды қажет ететін жандардың мәселесіне бей-жай қарамай, демеушілердің қолдауымен әлеуметтік-гуманитарлық көмек ұсынып, білім, медицина, және тұрмыстық жағдайға байланысты мәселелерін шешуге атсалысып келеді.

Бүгінгі кездесу барысында белсенді аналар өздерінің жыл көлемінде мұқтаж жандарға көрсеткен көмегін, атқарған жұмыстарын баяндап, алдағы жоспарларын бөлісті. Шарада жақсылық жасап жарысып жүрген кең жүрек, ақ пейіл, дархан көңіл жандарға қала әкімінің орынбасары өз алғысын жетікізіп, игі істеріне сәттілік тіледі.

«Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды анықтауда жұмыстарды әлі де ширата түсу керек деген қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің басшысы Индира Ақжігітова қоғамдық кеңес құрамындағы әрбір ана қоғамға үлгі болу керегін айтты.

Сонымен қатар бөлім тарапынан белсенді аналарды кәсіпкерлікке бейімдеу бағытындағы жұмыстар белсенді жалғасатынын да жеткізді.

Басқосуға арнайы келген «Мағжан и К» ЖШС директоры Мағжан Ералиев, «Еларай» қоғамдық қорының басшысы Асхат Байдәулетов пен республикалық «Харекет» қайырымдылық қорының ресми өкілі Азамат Каренеевте ерікті аналарға өз ризашылықтарын жеткізіп, қам көңіл жандарға қамқор болып, сүрінгенді сүйеп, жығылғанды демеп жүрген белсенді жандардың қайырымды істеріне қашан да қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Шара соңында кеңес құрамындағы аналарға алғыс хаттар мен қаладағы «Мұз айдыны», «Евразия» кешендеріне арнайы жолдама беріліп, кәсіпкерлердің қолдауымен сый-құрмет көрсетілді.