Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенат отырысында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске («Салық кодексі») өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
Салық төлеушілерге ыңғайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін 2020 жылдың 31 желтоқсаннан 2021 жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады, — деді Руслан Дәленов.