Басты бетҚоғамҚызылорда облысында...

Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісі әртараптандырылып жатыр

Сондықтан ғылыммен бірге ылғал тұтынатын дақылдардың, атап айтқанда, күріштің егіс алқаптарын қысқарту және дәстүрлі күріш өсіруден алшақтай отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретін ылғалды аз сіңіретін дақылдар – соя, жүгері және басқа да дақылдарға ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр.

Жаңа заманауи суғару жүйелерін – тамшылатып және жаңбырлатып суғару жүйелерін, аквагельдерді пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді.

Облыстың Жаңақорған ауданында аквагельдерді пайдалану бойынша жақсы жұмыс тәжірибесі бар. Күздік бидай себілген 80 гектар жерден орта есеппен гектарынан 18 центнерден өнім алынды. Енді бұл тәжірибені облыстың өзге өңірлеріне тарату жоспарланып отыр.