Жаңақорған аудандық ауруханасы тағы бір аппаратпен толықты

Табыстау шарасына Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов, облыстық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Анар Шүкірова қатысты.

Жаңақорған ауданы
Фото: Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазіргі таңда сұраныстағы қондырғы науқастар дертін емдеуге көмектеседі. Сонымен қатар жаңақорғандық жеке кәсіпкер Нұрлыбек Закиров өз қаражаты есебінен ауруханаға оттегі концентратын сыйға тартты.

Жалпы, ауруханаға гуманитарлық көмек ретінде жыл басынан бері екі дана өкпені жасанды желдету аппараты, 53 дана оттегі концентраты, 10 дана пульсоксиметр құрылғысы және бір жедел жәрдем берілген еді. Бұл құрылғылардың пандемия кезеңінде халыққа тигізген көмегі көп болды.