Басты бетҚоғамҰлттық экономика...

Ұлттық экономика министрінің орынбасары тағайындалды

Азамат Әмрин мұның алдында Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры болды.

Ол 1973 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ақмола ауыл шаруашылығы институтын және Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 1989 жылы Корнеев кеңшарында жұмысшы болып бастады.

1997-2008 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Салық комитетінде түрлі лауазымда болды.

2008-2011 жылдары СҚО Шал ақын ауданының әкімі,

2011-2012 жылдары «Амрин К.К.» шаруа қожалығының менеджері,

2013-2015 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаменті директорының орынбасары болып қызмет етті.