Биыл 6 қазаннан бастап әуе рейстерімен келетін шетелдік азаматтар ПТР әдісімен COVID-19-ға тесілеуден өткені туралы анықтамасыз Қазақстанға кірмейді. Анықтама мерзімі мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде 72 сағаттан аспауға тиіс, — деп хабарлады Сәдуақас Байғабылов.
Ал халықаралық рейстермен келген қазақстандықтарда осындай мерзіммен анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін екі тәулікке карантин стационарына оқшауланады.
Мұндай талаптар әуе қатынасы ашылған барлық елге қолданылады.
Осындай шектеу талаптары Қазақстанға мемлекеттік шекарадағы теміржол, теңіз, өзен көлігі және автоөтпе жолдардағы өткізу пункттері арқылы келетін адамдарға да қатысты қолданылады, — деді көліктегі бас санитар дәрігер.