Қызылорда облысында «Ауыл мектебі» жобасы жүзеге асып жатыр

Пилот жоба үш мектепке енгізілген. Негізгі мақсат — ауыл мен қала балаларының арасындағы оқу алшақтығын жою.

Біздің облыста дарынды, талапты, идеяға құмар оқушылар аз емес. Оларды жан-жақты қолдау шаралары тұрақты жүргізіліп келеді. Биыл біз ауыл мен қала балаларының арасындағы оқу алшақтығын жою бағытында «Ауыл мектебі» жобасын қолға алдық. Пилот жоба Қызылордаға қарасты Махамбет ауылындағы №143, Жаңақорған ауданы Құттықожа ауылындағы №164 және Сырдария ауданындағы №132 орта мектебіне енгізілді, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Бастысы — мұғалімдердің кәсіби сұраныстары ескеріліп, ата-аналар мен қоғамның мектеп өміріне қатысуын анықтау үшін арнайы топ құрылады. Пилот жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе барлық білім ошағына келесі жылдан бастап енгізіледі.