Қызылорда облысында 75 мыңнан астам ардагер, 11 ҰОС ардагері, 4 270 тыл ардагері, 75 мыңнан астам зейнеткер, 30 мыңнан астам мүгедектігі бар адам, 25 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар.
Жалпы облыста бүгінге дейін аз қамтылған 10866 отбасыға 2956,7 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмек төленді. Олардың 3596-сы — көпбалалы отбасылар. Бір отбасына төленген АӘК-тің орташа мөлшері 46 мың теңге.
Тұрғын үй көмегін көрсетуге 418, 8 миллион теңге қаражат қаралып, 4 029 отбасыға 122,7 миллион теңге төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларындағы 1-6 жас аралығындағы 10 933 бала ай сайын кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етіліп отыр.
Сонымен қатар «Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік қызметтер» әлеуметтік жобасы шеңберінде халықтың осал топтары қатарына жататын 225 азамат күнделікті бір мезгіл түскі ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Қимыл-қозғалысында қиындығы бар тұлғаларға ыстық тамақты үйлеріне жеткізіліп береді. Жобаны іске асыруға 2020 жылы 49,1 миллион теңге қаражат бөлінген.