Қазақстанның төрт облысында автокөлік қозғалысы шектелді

Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жамбыл облыстарында ауа райының күрт суып кетуіне байланысты автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады жергілікті баспасөз.

қысқы жол
Көрнекі фото

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендеп кетті, облыс бойынша қоғамдық көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді. Павлодар облысында “Омск – Майқапшағай” күрең жолының Кенжекөл ауылынан Шығыс Қазақстан шекарасына дейінгі аралықтағы жолы жабылды.

Алматы облысында “”Алматы – Өскемен” автожолының қаладан Шығыс Қазақстан облысына дейінгі шекарасында қоғамдық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.

Жамбыл облысында “Алматы – Ташкент” жолында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған. Өйткені бұл аймақта қалың қар жауып тұр.

24-25 қарашада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, боран болады. Бұл аймақтарда ескерту жарияланды.