Түркістанда түсірілген «Ұлттық мұра жаршысы» деректі фильмі шетел арналарынан көрсетіледі

Деректі фильмдер топтамасы түрік және ағылшын тіліне аударылып, шетелдік телеарналарда көр­сетілмек.

Ұлттық өнерді насихаттаушы — жыршы, күйші, бүркіт, тазы баптаушы, домбыра, ер жасайтын ұста және басқа да кейіпкерлер тура­лы сыр шертетін туын­ды өңірдің имиджін қалып­тастыру мақ­сатында өткізілген баспасөз мәслихаты барысын­да таныстырылды.

"Ұлттық мұра жаршысы" деректі фильмі
Фото автордан

Деректі фильмдердің кейіпкерлері Келес жыршысы, термеші Абылай Бөріханов пен отырарлық суретші Әділхан Мәлік халқымыздың сан ға­сыр­лар бoйы атадан бала­ға мирас болып жеткен ру­хани және мәдени құн­ды­лықтар туралы сөз өрбітті.

"Ұлттық мұра жаршысы" деректі фильмі
Фото автордан

Жо­ба­ның режиссеры Мейір­жан Алиак­баровтың мәлімдеуінше, қазақ му­зыкасын, мәдениетін, салт-дәстү­рін насихаттауға бағыт­талған дүние­лердің бірі, яғни ұлы композитор Шәм­­ші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына арналып, Венгрия, Башқұртстан, Германия, Бурятия, Қырғыз­стан, Украина, Ресей, Арме­ния, Болгария, Қазақстан елде­рі өнер шеберлерінің орын­­дауындағы «Қуаныш валь­сі» әніне түсірілген бейнебаян әлеуметтік же­лі­дегі ең көп таралған челлендж бейнебаян бол­ған.

Сонымен қатар Елба­сының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағ­дар­ламасына бағытталған өңірдің таби­ғаты тамаша мекендері мен киелі орын­дарға саяхатқа шақыратын «Ту­ған ел» әніне түсірілген бейнебаян тұ­сауы кесілді.