Түркістан облысында ауыл шаруашылығы 3 негізгі бағыт бойынша дамып келеді

Бірінші бағыт — агроқұрылымдарды ірілендіре отырып, өндіріске заманауи озық технологияларды енгізу. Бұл бағыт бойынша жұмыстар «Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарына» сәйкес жүргізілуде. Түркістан аумағында азық-түлік белдеуін қалыптасыру жобасы аясында 1458 шаруа қожалықты 9 кооперативке біріктіріп, техникамен қамтамасыз ету және 11 мың гектар жерге жаңбырлатып суару технологиясын ендіру жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда Кентаудағы «Шаға» а/о кооператив негізінде 886 гектарға жаңбырлатып суғару технологиясы енгізілді. Ол жерлерге күздік бидай, жүгері, жоңышқа егілді. Жыл соңына дейін жаңбырлатып суғару қондырғылары қосымша 976 мыңға жуық гектар жерге орнатылып, жалпы көлемін 2 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.

Жалпы жоба аясында құны 29 миллиард теңгеге жуық қаражатты құрайтын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Екінші бағыт — бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу жобасын енгізу. Биыл осы бағыт бойынша 128 ауыл округінде 5 мың гектардан аса жерді құрайтын 1 928 жоба іске асырылып, 141 мың тонна өнім өндірілді. Қазіргі таңда 1999 агроқұрылым екінші өнім егіп, агротехникалық шараларды атқаруда.

Үшінші бағыт — жеке қосалқы шаруашылықтардың ауласына тамшылатып суғару технологиясын ендіру арқылы ерте пісетін көкөніс, картоп, бақша өнімдерін өндіру. Бұл жоба көпбалалы аналарды, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларды жұмыспен қамтуға, жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл бағыт бойынша 182 жоба іске асырылды.