Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

6 науқас коронавирус инфекциясынан, төртеуі пневмониядан қайтыс болған.

коронавирус

Өткен тәулікте коронавирус пневмониясының 481 жаңа дерегі анықталды. Бір күн бұрын 571 болған. 1 тамыздан бергі дерек бойынша пневмонияны 26 ​​803 адам жұқтырды, 305 науқас қайтыс болды.

Ал Қазақстанда кейінгі тәулікте коронавирус 89 адамнан табылды. Инфекция жұқтырғандар саны 106 121-ге жетті, бүгінге дейін 98 585 науқас аурудан айықты, 1 612 науқас қайтыс болды.