Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қайрат Келімбетов экономика өсімін қалпына келтіру мәселесін талқылады

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Мемлекет басшысының биылғы 1 қыркүйекте Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру және экономика өсімін қалпына келтіру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы тікелей және портфелді инвестиция тарту жұмыстары кезінде өңірлік үйлестірудің маңызына ерекше тоқталды.

Қайрат Келімбетов Президентке Қаржы орталығының 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын жаңғырту жайын баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қайрат Келімбетовке бірқатар нақты тапсырма берді.