Қазақстанда коронавирусты тағы 89 адам жұқтырды

Жаңа дерек Қазақстанның 13 өңірінде тіркелді. Өзге өңірлермен салыстырғанда Шығыс Қазақстан облысында (16), Нұр-Сұлтан (13) мен Алматыда (10) науқастар саны көп. Ал Шымкентте, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облысында COVID-19 жұқтырған бірде-бір пациент табылмады.

Өңірлерде пандемия басталғалы және 3 қыркүйекте коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 14 248(+10);
Нұр-Сұлтанда — 13 864(+13);
Атырау облысында — 10 940(+9);
Қарағанды облысында — 10 126(+8);
Шығыс Қазақстан облысында — 8 243(+16);
Батыс Қазақстан облысында — 6 767(+2);
Шымкентте — 5 175(+0);
Алматы облысында — 4 900(+2);
Жамбыл облысында — 4 093(+4);
Солтүстік Қазақстан облысында — 3 971(+7);
Павлодар облысында — 3 845(+4);
Қостанай облысында — 3 425(+3);
Ақмола облысында — 3 410(+5);
Маңғыстау облысында — 3 334(+0);
Түркістан облысында — 3 328(+6);
Қызылорда облысында — 3 231(+0);
Ақтөбе облысында — 3 221(+0).

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 121-ге жетті, бүгінге дейін 98 585 науқас инфекциядан жазылды.