Басты бет / Қоғам /
Қоссырықта қолды бүгіп жазу
Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысында Конституция күніне орай қолды бүгіп жазудан жарыс өтті

Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен онлайн жүйеде алғашқы мəрте өткізілген жарысқа 18-23 жəне 24-29 жас аралығында 23 спортшы бақ сынасты.

Сайыс нəтижесінде Арал ауданының спортшылары мықтылықтарын дəлелдеп, үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтсақ, 18-23 жас аралығында аралдық Данияр Кеңесов І орынды жеңіп алса, ІІ орынды жаңақорғандық Қанжарбек Əбділдаев, ІІІ аралдық Рауан Амангелдиев иеленді.

24-29 жас аралығында Арал ауданының спортшысы Ғазиз Бектұрсын чемпион атанса, жалағаштық Ербол Ерғалиев ІІ орынды, аралдық Ақберен Қуандықов ІІІ орынды еншіледі.

Жеңімпаздар медаль және дипломдармен марапатталды.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok