Қызылорда облысында «Невада-Семей» қозғалысының 1043 мүшесі бар

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Абдукаримов мәлімдеді.

Аймақ бойынша «Невада-Семей» қозғалысының мүшелері 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа, азаматтық, әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан.

Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан азаматтарға 30 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жылына бiр рет жәрдемақы төленеді.