Алматыда демалыс күндері қандай нысандар жұмысын тоқтатады?

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, демалыс күндері, бұрынғыдай, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтайды.

Қоғамдық көлік демалыста жұмыс істемейді. Ол жағдайға байланысты. Біз жұқтыру, өлім жағдайын, аурудың, тіпті төсек-орындардың көрсеткішін бақылап отырмыз. Бұл көрсеткіштердің деңгейі төмендегенде қандай да бір нысанның жұмыс істеуі қарастырылады. Оның ішінде қоғамдық көліктер де бар, — деді Жандарбек Бекшин.

Бас санитар дәрігер сонымен бірге демалыс күндері тауға шығуға әлі де тыйым салынатынын айтты.

Тауға шығуға рұқсат бергенде ол дұрыс емес екенін түсіндік. Себебі әр жерде пикник жасалып, артынша қоқыс үйіліп қалады. Ол үлкен тәуекел. Сондықтан әлі де тауға шығуға болмайды, — деді ол.

Демалыста базар, сұлулық салондары, монша мен сауналардың жұмысы тоқтайды.

Барлық базар демалыста жұмыс істемейді. Шаштараздар, монша мен сауналардың жұмысы тоқтайды. Қала тұрғындарының назарына, қатаң шаралардың арқасында ғана қаладағы жағдай түзелді. Мейрам күндеріне бұған дейін де шектеулер болған. Дүйсенбі бойынша қосымша шешім шығарылады, — деді бас санитар дәрігер.