Стационарларда 3 279 науқас, 15 562 адам амбулатория жағдайында емделіп жатыр.
406 науқастың ахуалы нашар. Соның ішінде 103 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 72 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте республика бойынша коронавирус жұқтырған 18, пневмониямен ауырған 2 науқас қайтыс болды.
Қазақстанда пандемия басталғалы бері инфекция жұқтырғандар саны 103 033-ке жетті, барлығы 82 777 науқас ауруынан айықты, 1 415 пациент қайтыс болды.
