Қазақстандағы коронавирус: 198 пациенттің жағдайы нашар

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған 26 726 науқас емделіп жатыр. Олардың арасында 144 бала бар.

Стационарларда 5 718 науқас бар. 21 008 адам амбулатория емін қабылдап жатыр.

198 науқастың жағдайы нашар. Дәрігерлер 29 пациенттің жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, — делінген хабарламада.

Қазақстанда коронавирусты бүгінге дейін барлығы 94 882 адам жұқтырды. Ал коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония 1 тамыздан бері 8 054 науқастан табылды.