Балқаш ауданында тауар бағасының тұрақтылығы тексерілді

Тауарлардың тұрақты бағасының сақталуы және сақтық шараларын бақылау мақсатында аудан басшысы дүкенге келген азаматтарға бетперде тағу керектігін және медициналық қолғап киіп жүру қажеттігін түсіндіріп, дүкен ішінде антисептикалық заттардың тұрғанына да мониторинг жасады және өңір халқына сақтық шараларын ұстану керегін айтты.

Елімізде карантин режимі қатаң түрде сақталып жатқан сәтте аудан тұрғындарының да сақтық шараларын ұстанғаны абзал. Сонымен қоса, тек өз денсаулығымызға ғана емес, жақындарымыздың да денінің сау болуына, коронавирустан қорғану шараларын ұстануына септігімізді тигізуіміз керек. Әсіресе, адам көп жүретін орталарға жиі бармау, дүкен және басқа да мекемелерге бас сұққанда міндетті түрде бетперде кию және антисептикпен қолымызды жиі жуу қажеттігін есте сақтауымыз керек.