Қызылорда мешіттерінде құрбан шалу рәсімі жүргізілмейді

Аурудың таралуына тосқауыл қою мақсатында жамағат намазы, айт намазы оқылмайды. ҚМДБ өкілі, Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Әбуов мешіттерде құрбан шалу рәсімі жүргізілмейтінін де айтты.

Өңірде құрбандық шалу орындары анықталды. Барлық қосымша ақпарат мешіттер жанындағы арнайы ақпараттық орталықтарда ұсынылады. Бұған қоса, Qurban2020.kz сайты іске қосылды. Құрбан шалушы да, ет алушы да онлайн тапсырыс бере алады. Тапсырыстарды әр өкілдік жанынан құрылған штаб жүзеге асырады. Құрбан шалушыға қажет болса, рәсім барысында түсірілген фото-видео есеп телефон нөміріне жолданады. Ал етке мұқтаж жандарға сайтта көрсеткен мекен-жайы бойынша тегін жеткізіліп береді, – деді Болатбек Әбуов.