Қызылордада Syr Volonterlary орталығы ашылды

Орталықтың ашылуына облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов және облыстық фронт-офистің жетекшісі Болат Айтбенбетов қатысты.

Орталықтың жұмысына өңірдегі азаматтық қоғам институтары, жастар ұйымдарының өкілдері және облыстық ішкі саясат, жастар саясаты, денсаулық сақтау, мәдениет, білім, жұмыспен қамту басқармаларының және төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған. Орталықтың мақсаты — барлық волонтерды бір орталыққа біріктіріп, халық игілігі үшін қызмет көрсету, — деді Мира Қазбекова.

Волонтер болғысы келетін азаматтар Syr Volonterlary орталығының «401-110» нөміріне хабарласа алады.

Орталық 7 бағыт бойынша онлайн форматта жұмыс істейді:
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау шараларына волонтерлерді тарту бойынша «Birgemiz: Asyl mura»;
2. Жоғалған адамдарды іздеу, зілзала қауіп-қатерін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша «Birgemiz: Úmit»;
3. Оқушылар мен студент жастарға үйірмелер, компьютерлік сауаттылықты арттыратын онлайн сабақтар мен курстар өткізуге бағытталған «Birgemiz: Bilim»;
4. Онкологиялық диспансерлерде, ауруханалардағы науқастарға медицина көмегін беруге бағытталған «Birgemiz: Saýlyq»;
5. Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалап, ағаш отырғызуға бағытталған «Birgemiz: Taza Álem»;
6. Қарттар үйлеріне, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған «Birgemiz: Qamqor»;
7. Өмірде қиын жағдайға тап болған жастарға, жас отбасыларға көмек беруге бағытталған «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы.

Орталықтың мекенжайы — Қызылорда , Сұлтан Бейбарыс көшесі 4А, Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйі.