Қызылордада 43 мыңнан астам адам әлеуметтік жәрдемақы алды

Әлеуметтік төлем жұмыстарын жүргізу үшін облыстық, аудандық және қалалық деңгейде өтініштерді қарайтын арнайы штабтар жұмыс істеп жатыр. Біржолғы төлем шілде айына ақысыз еңбек демалысына жіберілген немесе табысынан айырылған тұлғаларға бір рет төленеді.

Біржолғы көмекті төлеу бойынша автоматты түрде жәрдемақы тағайындауға кіретін азаматтарға проактив SMS тарату жұмысы басталды. Бүгінде 33 280 азаматқа автоматты түрде SMS жолданып, табысынан айырылғаны расталып жатыр, — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев.

Сондай-ақ жеке кәсіпкерлікте жұмыс істеп, ақысыз еңбек демалысына жіберілсе, онда өтінімді жұмыс беруші жолдауы қажет. Әлеуметтік төлем алуға өтінішті eGov электрон үкімет порталы, 42500.enbek.kz уебсайты және Telegram-бот, kaspi.kz, HomeBank мобайл қосымшалары арқылы онлайн түрде жолдауға болады. Жалпы мобайл қосымшалар мен уебсайттар арқылы 29 128 өтінім келіп түскен.

Жұмысынан айырылу жағдайына арналған төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы ҚР халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелгеннен күннен бастап тағайындалады, — деді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Гүлсім Денеева.