Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, төлем 1 миллион 309 мың адамға тағайындалды, соның ішінде 1 миллион 122 мың Қазақстан азаматына аударылды.
Сақтандыру қорынан төлем алуға өтініштер бірнеше арна арқылы қабылданады. 1 миллион 730 мың өтініш ішінде:
— 782,87 мың адам проактив форматта төлем тағайындауға келісім берді;
— 423 мың адам Egov.kz порталы және Telegram-боттар арқылы;
— 146,1 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
— 378 мың адам екінші деңгейлі банктердің мобайл қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.
Санаттары бойынша:
— 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактив форматта);
— 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;
— 854,4 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келді (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).
Айта кетейік, 2020 жылдың шілде айында карантин шараларының күшеюіне байланысты табысынан айырылған Қазақстан азаматтарына ең төмегі жалақы — 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріледі.
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.