Асқар Жұмағалиев министр қызметінен босатылды

Бұл туралы жарлық Ақорданың сайтында жарияланды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды, — делінген Ақорданың сайтында.

Айта кетейік, Асқар Жұмағалиев 2019 жылы 25 ақпанда ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. 2019 жылы 18 маусымда ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі болып қайта құрылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге Бағдат Мусинді басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатты.