Кейінгі тәулікте елімізде 706 адамнан коронавирус инфекциясының симптомсыз түрі табылды, ал 793 адамның ауру белгілері бар.

Жаңа дерек Нұр-Сұлтанда (226), Алматыда (221) және Қарағанды облысында (148) көп тіркелді.

Өңірлерде жалпы және жаңа тіркелген дерек саны:

Атырау облысында — 9 187(+130);
Алматыда — 9 143(+221);
Нұр-Сұлтанда — 8 371(+226);
Қарағанды облысында — 7 058(+148);
Батыс Қазақстан облысында — 4 742(+95);
Шымкентте — 4 453(+43);
Шығыс Қазақстан облысында — 4 087(+112);
Алматы облысында — 3 625(+43);
Жамбыл облысында — 2 896(+104);
Ақтөбе облысында — 2 736(+13);
Түркістан облысында — 2 477(+20);
Павлодар облысында — 2 380(+106);
Маңғыстау облысында — 2 294(+42);
Қызылорда облысында -2 230(+19);
Солтүстік Қазақстан облысында — 2 198(+69);
Ақмола облысында — 2 001(+52);
Қостанай облысында — 1 960(+56).

Қазақстанда бүгінге дейін коронавирусты барлығы 71 838 адам жұқтырғаны белгілі болып отыр.

Елде коронавирустан барлығы 43 401 пациент жазылды, 375 науқас қайтыс болды.