15 шілденің қорытындысы бойынша елімізде 863 адам COVID-19 инфекциясының симптомсыз түрін жұқтырған, ал 811 науқастың ауру белгілері бар.
Жаңа дерек Алматыда, Атырау облысында және Нұр-Сұлтанда көп тіркеліп отыр.
Өңірлерде жалпы және бір күнде тіркелген дерек саны:
Атырау облысында — 8 515(+218);
Алматыда — 8 259(+219);
Нұр-Сұлтанда — 7 353(+204);
Қарағанды облысында — 6 544(+100);
Батыс Қазақстан облысында — 4 327(+101);
Шымкентте — 4 251(+76);
Шығыс Қазақстан облысында — 3 509(+133);
Алматы облысында — 3 379(+88);
Ақтөбе облысында — 2 598(+53);
Жамбыл облысында — 2 433(+87);
Түркістан облысында — 2 371(+30);
Маңғыстау облысында — 2 152(+41);
Павлодар облысында — 2 027(+63);
Қызылорда облысында — 1 973(+74);
Солтүстік Қазақстан облысында — 1 940(+95);
Ақмола облысында — 1 812(+43);
Қостанай облысында — 1 745(+49).
Қазақстанда бүгінге дейін барлығы 65 188 адамның коронавируспен ауырғаны белгілі болды, 39 066 науқас инфекциядан жазылды, 375 пациент қайтыс болды.

