Қызылорданың 150-ге жуық көшесі залалсыздандырылды

Бұл туралы Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Усаин Медет баяндады.

Дезинфекция
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта індеттің алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмысы жалғасып жатыр. Оған қала, аудан әкімдіктері тарапынан қажет қаржы бөлінді. Әсіресе, облыс орталығының халық көп шоғырланған аумағына залалсыздандыру жүргізу үшін әкімдікпен бірге әскери қызметкерлер де тартылды. Әскери қызметкерлер күнделікті 50 мың шаршы метрге дезинфекция жасап жатыр. Атап айтқанда, қалалық демалыс паркі, теміржол және автовокзал, ескі базар аумақтары және 13 көше залалсыздандырылды. Сонымен қатар шілде айының соңына дейін тағы 133 көшені залалсыздандыру жоспарланып отыр, — деді Усаин Медет.