42 500 теңге: шілдеде әлеуметтік төлемді кімдер алады?

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезінде табысынан айрылғандарға бір айға әлеуметтік жәрдемақы — ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңге төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің,  жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өтінімі негізінде жүргізіледі, — деді Асқар Мамин.

Асқар Маминнің айтуынша, Еңбек министрлігі төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдеріне ақшалай көмек беруді жалғастырады.

Бұл 1 миллионнан астам адам. Осы жылғы үшінші тоқсанға атаулы әлеуметтік төлем тағайындауды қолда бар деректер негізінде алдын ала жүргізуді тапсырамын. Сонымен бірге мүгедектігін қайта куәландыру мерзімі карантин кезеңіне тап келген адамдардың мүгедектігін автомат түрде 3 айға ұзарту қажет, — деді ол.

Айта кетейік, 13 шілде күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Үкімет карантин кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге төлейтінін хабарлады.