20 маусымда полицейдің коронавирусқа тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен. Одан кейін денсаулығы нашарлаған.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, Ішкі істер органдары мен Шығыс Қазақстан облысы Ұлттық гвардиясының ардагерлер кеңесі полицейдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — делінген хабарламада.
Полиция полковнигі Даур Ибраев — Семейдің тумасы, кадр офицері. 2000 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы полициясының жедел-тергеу бөлімшесінде жұмыс істеді. Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдерінде басшылық етті. 2016 жылы Өскемен полиция басқармасының бастығы қызметіне тағайындалған.
