«Жұмыспен қамту жол картасы». Алакөл ауданында азаматтар жұмысқа шақырылып жатыр

Жұмыс сапары кезінде ол білім беру нысандарындағы құрылыс жұмыстарымен қатар «Алакөл» демалыс орнын дамыту жобасымен танысты.

Сұлтан Дүйсембінов қант зауыты орналасқан ауылдағы көпқабатты тұрғын үйлер кешеніне балалар мен спорт алаңдарын салып жатқан «Азамат Құрылыс» ЖШС басшылығымен және қызметкерлерімен сөйлесті. Қазіргі уақытта онда 46 адам еңбек етіп жатыр. Оның 23-і аудандық жжұмыспен қамту орталығы арқылы жұмыспен қамтылған. Құрылысшылар нысанды шілде айында толығымен тапсырады деп жоспарланып отыр.

Қайнар ауылында жарты ғасыр бұрын, яғни 1973 жылы салынған орта мектеп тозып, күрделі жөндеуді қажет еткен. Биыл қаражат бөлініп, жөндеу жұмысы қолға алынды. Мектеп жаңа оқу жылына дайын болу үшін мұнда 175 адам тынбай еңбектеніп жатыр. «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 88 адам жұмыспен қамтылған. Сұлтан Мырзабекұлы жұмыстың сапалы әрі белгіленген уақытта аяқталуы тиіс екенін айтты.

«Алакөл» демалыс орны заман талабына сай қарқынды даму үстінде. Көл жағасындағы инфрақұрылымды жақсарту арқылы еліміздің түкпір-түкпірі мен шетелден келіп демалушылардың саны жыл сайын көбейіп жатыр. Оның дәлелі, былтыр Алакөлге 1 миллион 300 мыңнан астам турист келген. Оның 70 пайызы  Ақши ауылындағы демалыс орындарына тоқтады.

Жақында бұл жерде аумағы 5 гектарлық саябақ пайдалануға беріліп, ауылдың көркіне көрік қоспақ. Облыстық мәслихат хатшысы Сұлтан Дүйсембінов саябақты салып жатқан «Медспецстрой» ЖШС басшылығына ризашылығын білдірді. Қазірдің өзінде саябақтағы жұмыстың 70 пайызы орындалды. Онда барлық қажет жабдықтармен қамтылған 46 адам жұмыс істеп жатыр.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» арқылы Алакөл ауданындағы 53 нысанға 591 адам жұмысқа алынған. Бұл жоспардың — 99,8 пайызы. Ал әлеуметтік нысандарда 30 адам, жол құрылысында 13 адам жұмыс істеп жатыр.

Іссапар кезінде Сұлтан Дүйсембінов әрбір құрылыс нысанының қатаң бақылауда болып, мемлекеттік бағдарламының орындалуы мен көлге келіп демалушылардың жай-күйі назарда ұсталатынын айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да