Алексей Цой Қазақстанда карантинді ұзартуға қатысты түсінік берді

Кез келген бағалау инкубация кезеңімен байланысты болуы керек, яғни 14 күн. Қазір біз қандай да бір аралық нәтижелерді көріп отырмыз, бірақ оның нақты тиімділігін екінші аптада немесе одан соң байқаймыз. Біз  карантиннің соңына қарай бағалау жүргізгенде оның жалғасатыны немесе шаралар күшейтілетіні белгілі болады. Қазіргі уақытта біз осы мәселелермен айналысып жатырмыз, ғалымдарымызбен және шетелдегі әріптестерімізбен бірге талқылаймыз, — деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күн карантин режимі енгізілді.

Ал 13 шілде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуі кезінде айтты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да