Коронавирус құрбандарын еске алу: Президент жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 13 шілде коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу — жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялансын, — делінген Ақорданың сайтында жарияланған жарлықта.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдеде елдегі қалыптасқан ахуалға байланысты  республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасады.

Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясынан қайтыс болған азаматтардың отбасына көңіл айтты. 13 шілдені жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Қазақстанда коронавирустан 264 адам қайтыс болды.