Қайрат Ахметов өзін өзі оқшаулап жатыр.
Барлық сақтық шарасын қатаң сақтағаныма қарамастан, өкінішке қарай, COVID-19 сынағы оң нәтиже көрсетті. Осы себеппен оқшаулануға кетемін және жұмысымды қашықтан жалғастырамын, — деп жазды ол.
https://www.instagram.com/p/CCZ4tH_gQ9l/
Қостанай әкімі әр тұрғын мұндай қиын кезде өз денсаулығын қорғауға саналы түрде қарау керек екенін жазды.
Қала тұрғындарын белгіленген барлық талап пен қажетті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Біздің міндетіміз — шыдамдылық танытып, тазалыққа үлкен мән беру, өз отбасымызды қауіп-қатерден қорғау. Мұндай қиын жағдайда өз денсаулығын қорғауға саналы түрде қарау керек. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар, — деп жазды Қайрат Ахметов.
Айта кетейік, 24 маусымда Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырғаны хабарланған еді. Облыс әкімі жұмысты қашықтан істеуге көшті.
