Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтандағы карантин:...

Нұр-Сұлтандағы карантин: мекемелердің жұмыс тәртібі қандай болады?

  • 5 шілдеден бастап шамамен екі аптаға қоғамдық көлік қатынасы тоқтатылады. Автобустар мен автопарктерде дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі;
  • Тамақ өнімдерін (шағын маркет, супермаркет, гипермаркет) сататын азық-түлік дүкендер 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • Тұрғын үйлерде орналасқан азық-түлік сататын дүкендер жұмыс және демалыс күндері 9.00-ден 20.00-ге дейін ашық болады;
  • Тұрғын үйлерде орналасқан азық-түлік емес тауарларды сататын дүкендерге жұмыс және демалыс күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді;
  • Көтерме азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (ғимараттан тыс) 13.00-ге дейін жұмыс істейді.
  • Азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (ғимараттан тыс) 09.00-ден 15.00-ге дейін ашық.
  • Сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер мен консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары сияқты бизнес орталықтар, сонымен бірге екінші деңгейлі банктер, айырбастау пункттері, ломбардтар мен букмекер кеңселері жұмыс күндері 09.00-ден 17.00-ге дейін ашық.
  • Автожуу, авто және тұрмыс техникасын жөндеу қызметтерін көрсететін субъектілері жұмыс және демалыс күндері 09.00-ден 17.00-ге дейін істейді.
  • Көше саудасының рұқсат етілген түрлері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
  • Қоғамдық тамақтану объектілерінің тек ашық ауадағы нысандары жұмыс және демалыс күндері 10.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады. Кафеде немесе мейрамханаларда 30 орын ғана болуы қажет және олардың арасы 2 метрден кем болмауға тиіс. Мерекелер, ұжым және бұқаралық іс-шара өткізуге тыйым салынады.
  • Құрылыс, өнеркәсіп орындарының жұмысы тек ашық ауада ұйымдастырылады.
  • Жеке медицина орталықтары, стоматологиялар қатаң түрде алдын-ала жазылу арқылы 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ішіндегі Egov.kz, Телеграм-бот ЕGOVKZBOT 2.0 алдын ала брондау арқылы жұмыс күндері 09.00-ден 15.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
  • Call орталықтарына 09.00-ден 17.00-ге дейін хабарласуға болады. Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді.
  • Курьердің тауар немесе тапсырыс жеткізу жұмысы 08.00-ден 20.00-ге дейін белгіленді.