27 маусымда 82 жасында Қазақстан хоккей федерациясының бірінші президенті Анатолий Злотников дүниеден озды. Ол кісі екі апта бойы екіжақты пневмониямен күресті. Қазақстан хоккей федерациясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, — деп жазылған хоккей федерациясының Instagram парақшасында.
Анатолий Злотников 1992-1997 жылдары отандық хоккейді басқарды. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан хоккейі алғаш рет халықаралық серіктестікті дамыта бастады және дүниежүзіне таныла бастады. 2000 жылдары ол Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы төрешілер алқасының төрағасы және республикалық чемпионатты дамыту жөніндегі маман болды.