Әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар тарап, адамдар өз бетінше емделіп жатыр. Дәрі-дәрмектердің белгілі бір түріне халық тарапынан жоғары сұраныс бар. Мысалы, бір адамға парацетамолдың 2 қаптамасы жетеді, ол келеді де 20 қорап сатып алады. Сондықтан халық оны бумалап сатып алмауы үшін және барлығына дәрі-дәрмектерді жетуі үшін біз 2-3 бумадан артық қолға бермейміз. Бұл шектеу бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие дәрілерге қатысты қолданылады, — деді Заңғар Сәлімбаев.
Оның айтуынша, шектеулер медицина маскасына сұраныс артқан кезде енгізілген ережеге ұқсас болады.
Медицина маскасы барлығына жететін, бірақ адамдар келіп, артығынан сатып алды. Сондықтан біз дәріханалармен жұмыс істеп, бір қолға 5 маскадан артық бергізбедік. Осы жағдайды да реттегіміз келеді, — деп түсіндірді Сәлімбаев.