Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, аурудан қайтыс болғандар — 1961 жылы, 1941 жылы, 1959 жылы, 1946 жылы, 1951 жылы туған ер азаматтар және 1971 жылғы, 1958 жылғы әйел адамдар.
⠀
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл науқастарды коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деп тіркеуге шешім қабылдады.
⠀
Осылайша, елімізде барлығы 147 адам қайтыс болды. 25 маусым қорытындысы бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны — 19 750, 12 220 адам жазылып шықты. Коронавирустың симптомсыз түрі 13 560 адамнан анықталды.
Нұр-Сұлтанда коронавирустан тағы жеті науқас қайтыс болды
