Кейінгі күндері Елбасының денсаулығына қатысты БАҚ-тан көп сауал келіп түсті. Нұрсұлтан Назарбаевтың жағдайы жақсы екенін, дәрігерлердің ұсынысын орындап жүргенін және оқшаулануды жалғастыратынын хабарлаймын. Өкінішке қарай, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жеңістің 75 жылдығына арналған шеруге қатыса алмады. Алайда, Елбасы шеруді тікелей эфирде тамашалады, — деп жазды Айдос Үкібай.
https://twitter.com/Aidos_Ukibay/status/1275729103266725888
Айта кетейік, 18 маусым күні Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды. Тұңғыш Президент жұмысты қашықтан істеп жатыр.
