Исекешев Астанадағы кептеліс үшін Бақытжан Сағынтаевтан сөз естіді

«Бүгiн таңертең жұрттың бәрi жауған қарға байланысты жұмысқа кешiгiп келiп жатыр. Бiздiң де отырысымыз кеш өтуде. Бүкiл қала тұрып қалды. Ешқандай дайындық болмаған секiлдi. Жағдай қазiр қалай?», — деп сұрады Үкiмет басшысы Астана әкiмi Әсет Исекешевтен.

Қала әкiмi өз сөзiнде қар тазалау жұмыстары түнi бойы жүргiзiлгенiн айтты.

«Шын мәнiнде, бүгiн ауа райы күрт өзгердi. Бiз дайындалдық. Түнi бойы сағат екiден бастап қар тазалау жұмыстары жүрдi. Негiзiнен, қазiр жолдар таза. Қар көп түскендiктен,қалада үлкен көлiк кептелiсi орын алды. Барлығы реттеледi», — дедi ол.

«Әсет Өрентайұлы, бұл сiздiң әкiм ретiнде қарсы алып отырған алғашқы қыс, алғашқы сынақ. Бұл жағдайдан абыройлы шығуыңызға тiлектеспiз», — дедi Бақытжан Сағынтаев.

ДереккөзБАҚ