Елімізде коронавирустан басқа қандай жұқпалы ауру түрі азаймай тұр?

Министр міндетін атқарушының айтуынша, қазіргі кезде 64 жұқпалы ауру түрі бойынша мониторинг жүргізіліп жатыр, биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жұқпалы аурулардың 49 түрі азайған.

Биыл адамдардың оба, тырысқақ, іш сүзегі, құтыру, туляремия, дифтерия, сіреспе, қызамық және басқа да жұқпалы аурулармен сырқаттануы тіркелген жоқ. Былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда сальмонеллез, қызылша, іріңді менингит, сероза менингиті және туберкулез жұқтырғандар азайғаны байқалды. А жіті вирус гепатитін жұқтыру 1,8 есе, ботулизмді жұқтыру 3 есе, жәншауды жұқтыру 4,3 есе өскен, — деді Ләззат Ақтаева.

Қазақстан аумағында оба, туляремия, геморрагия қызбасы, күйдіргі және басқа да аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошағы бар. Биыл елімізде 50 мыңнан астам адам обаға қарсы егілген.

12 маусымдағы мәлімет бойынша Конго-Қырым геморрагия қызбасын үш адам жұқтырды, оның екеуі — Түркістан облысының, біреуі — Жамбыл облысының тұрғыны.

Ләззат Ақтаеваның айтуынша, биылғы 5 айда елімізде 260 мыңнан астам бала мен 1 миллион 760 мыңға жуық ересек адамға қызылшаға қарсы қосымша вакцина егілді. Соның арқасында ауру жұқтыру деңгейі былтырғы 5 аймен салыстырғанда 2,8 есе азайған.